Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны жалған полицейге млн теңге берген

Ақмола тұрғыны жалған полицейге млн теңге берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасына қаланың 23 жастағы тұрғыны жүгінді. Жас жігіт 28 қазанда облыс орталығының қонақ үй кешендерінің бірінен шығар кезде оған ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, ақша талап еткенін айтты. Өтініш берушінің айғақтарына сәйкес, оны қаскүнем жеңіл жүрісті әйелдеріне барғаны үшін қылмыстық жауаптылықпен қорқытып, млн теңге талап еткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Көкшетау қаласының уақытша жұмыс істемейтін 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жеке тінту кезінде күдіктіден полиция қызметкері куәлігінің мұқабасы мен ақшалай қаражат табылып, тәркіленді.

Полиция басқармасы осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру