Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер тұрғынның ұрланған жылқысын тауып берді

Қызылордалық полицейлер тұрғынның ұрланған жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне қала тұрғыны ұрлық әрекетінің құрбаны болғанын айтып арызданған. Анықталғандай, ұры қала шетінде орналасқан мал базар ішінен байлаулы тұрған жылқысын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 36 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-1- бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Мал ұрлығы) қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Малын ұрлатып алған тұрғын полиция қызметкерлерінің атқарған қызметіне шынайы ризашылығын білдірді.

– Мен жылқымды ұрлатып алған болатынмын. Өз бетімше іздеп таба алмадым. Содан соң полицейлерге хабарласып, көмек сұрадым. Тез арада ақсайлық полицейлер жылқымды тауып берді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін, – деп тұрғын алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру