Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адам көршісінің қорасын бұзып, ұрлыққа түскен

Қарағандыда ер адам көршісінің қорасын бұзып, құрылыс материалдарын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz  
Бұқар Жырау ауданына қарасты Ғ.Мұстафин кенттік полиция бөліміне 45 жастағы Қарағанды қаласы тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші бұрындары осы ауылда тұрып, кейін облыс орталығынан үй алып, көшіп кеткен. Алайда ескі үйінің қорасында өзінің заттарын сақтап, ол жерге ара-тұра барып отырған. Араға күндер өтіп ауылына барған жәбірленуші ескі үйіндегі қорасын белгісіз біреулердің бұзып тастағанын көрген. Оған келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгеге бағаланды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 53 жастағы ауыл тұрғыны анықталды. Ер адам қораны қараусыз болғандықтан бұзып, материалдарын белгісіз біреуге сатып жібергені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру