Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдағы ең ірі LED-экрандарда интернет-алаяқтыққа қарсы бейнероликтер көрсетілуде

Интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық бейнероликтер Петропавлдағы ең ірі LED-экрандарда көрсетіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz

Солтүстікқазақстандық полицейлердің бастамасымен Петропавл қаласындағы қоғамдық орындарда, автовокзалда, білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріндегі мониторларда, сондай-ақ кинотеатрларда сеанстар басталар алдында профилактикалық бейнероликтер көрсетілуде. Енді оларды қаланың ең ірі LED-экрандарында — жаяу жүруге арналған Қазақстан Конституциясы көшесінде және Оқушылар сарайының қасбетінде көруге болады.

Роликтер СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің күшімен дайындалды. Бейнероликтерде киберқылмыстың ең көп таралған түрінің қаупі, ең бастысы – ешкіммен жеке және қаржылық деректерді бөліспеу, бөгде адамдардың нұсқауы бойынша қаржылық операцияларды орындамау, банктің қауіпсіздік қызметінің жалған қызметкерінің соққан қоңырауын үзіп тастау туралы айтылады.

Видео осында.

– Сондай-ақ қоңырау шалушылардың кеңесі бойынша ешқашан бейтаныс қосымшаларды орнатуға болмайды. Әдетте желілік алаяқтар «Any Desk» және «Team Viewer» қосымшаларын немесе басқа да бағдарламаларды ұсынуы мүмкін. Бұл бөтен адамның қашықтықтан отырып сіздің телефоныңыздағы немесе компьютеріңіздегі жеке ақпараттарға толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. 10 айда өңірде 649 интернет-алаяқтық тіркелді. Қылмыстың алдын алу әр түрлі форматта жүргізіледі. Мәселен, еңбек ұжымдарымен және жұртшылық өкілдерімен әңгімелесу, БАҚ-та ақпарат орналастыру және жадынамалар тарату арқылы. Жуырда осындай акция Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде өткізілді. Тәртіп сақшылары еріктілермен бірлесіп, интернет-алаяқтық туралы ескерту мақсатында парақшалар таратты. Қылмыстың бұл түрін болдырмау – полиция жұмысындағы өзекті бағыттардың бірі, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасарыРуслан Назаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру