Тараздық полицейлер бірнеше үйге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады
Тараздық полицейлер бірнеше үйге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде тұратын пәтер иесінен белгісіз адамдардың үйіне ұрлыққа түскендігі туралы хабарламасы келіп түскен.
Дәл осындай шақыртумен сол күні тағы бір қала тұрғыны хабарласты. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының 36 және 25 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды.
Олардың үйінен барлық айғақ заттар (бес жылытқыш батареясы, жеке заттар салынған чемодан, теледидар, ноутбук, 15 үстел және тағы басқа заттар) табылып, тәркіленді.
Күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Екі үйге келтірілген шығынның көлемі 1,3 млн теңгеден астам қаржыны құрайды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.