Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көліктерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Алматыда көліктерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция қызметкерлері көлік ішінен бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері күдіктінің ізіне түсіп, оны құрықтады. Ол 36 жастағы К.есімді азамат болып шықты. Көлікті ашқаннан кейін ер адам сатуға болатындардың барлығын: тескіштерді, бұрғыларды, дөңгелектерді, құрал-саймандарды алып кеткен. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас кемінде үш ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоқтығы анықталуда, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Спикердің айтуынша, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес,  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру