Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер жоғалған екі жасөспірімді Шымкенттен тапты

Қызылордалық полицейлер жоғалған екі жасөспірім қызды Шымкенттен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 және 14 жастағы жасөспірім қыздар – Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері. Олардың 8 қараша күні сағат 09:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлама тіркелген болатын.  

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері  бірнеше күн іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жасөспірімдерді Шымкент қаласынан аман-есен тапты. Қазіргі таңда жасөспірімдер қалаға жеткізіліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру