Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Студенттің көлігін айдап кеткен өскемендік жігіт ұсталды

Студенттің көлігін айдап кеткен өскемендік жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 19 жастағы студент жүгінген. Оның құны бір млн теңгеге жуық ВАЗ автокөлігін белгісіз адам заңсыз айдап әкеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, көлік құралы оның үйінің ауласынан айдап әкетілген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған.

Облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны ұрлық жасады деген күдікпен тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Көлік тәркіленді, ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті кінәсін мойындаған жағдайда екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру