Маңғыстау облысында ұрлық қылмысының екі дерегі ашылды
Маңғыстау облысында ұрлық қылмысының екі дерегі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қарашада сағат 04:30 шамасында Мұнайлы ауданының тұрғыны полицияға арызбен жүгінді. Оның айтуынша жанармай құю бекетінде белгісіз адам көлігінен магнитофонын ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға тіркелген. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Сондай-ақ 14 қараша күні сағат 16:00 шамасында Бейнеу тұрғыны полицияға арызданды. Оның сөзінше, белгісіз адам үй ауласынан құны 40 мың теңге болатын жылытқышты ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелген. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.