Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғыны қызыл кітапқа енген жануарды аулаған

Жамбыл облысының тұрғыны қызыл кітапқа енген жануарды аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Охотзоопром” өңірлік басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, “Браконьер” жедел-алдын алу іс- шарасын өткізу барысында Жиенбет ауылына 25 шақырым қашықтықтағы алқаптан Қызыл кітапқа енгізілген жануарды аулаған 29 жастағы ер адамды ұстады.

Ұстау барысында аталған алқаптан мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Тоyota Land Cruiser 80 автокөлігі, Қызыл кітапқа енген жануардың тушасы, тіркелмеген 16 калибрлі қос ұңғылы мылтық табылды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабының 2-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру