Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторларында сайлау учаскелері ашылды

Тергеу изоляторларында сайлау учаскелері ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының тергеу изоляторлары дауыстарды қабылдау жұмысына кірісті.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Заңына сәйкес үкімі заңды күшіне енбеген тергеу изоляторларында ұсталатын ҚР-ның кәмелет жасына толған азаматтарының жалпыға бірдей белсенді сайлауға қатысу құқығы бар.

Бес мыңнан астам тергеу-қамауындағы адамдардың кезектен тыс президенттік сайлауға дауыс беруге қатысу мүмкіндігі бар. Елімізде барлығы 16 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған, олардың әрқайсысы мекеме орналасқан жердегі сайлау округіне кіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру