Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 6 млн теңгеден астам қарызын қайтармай жүрген әйел анықталды

ШҚО-да алты млн теңгеден астам қарызын қайтармай жүрген әйел анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне Шығыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғынынан алты млн теңгеден астам мөлшерде борыш өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түскен.

Әйел алты айдан бері осы жылдың маусым айынан бастап несие корпорациясының қарызын төлеуден жалтарып жүргені белгілі болды. Көші-қон қызметі іздестіру іс-шаралары барысында облыс аудандарының бірінде қарызын төлемеген әйел адамның жүрген жерін анықтаған. Қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.

Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 80-нен астам борышкерді анықтаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру