Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Түркістан облысында мас күйде көлік басқарған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде Шыбыт ауылындағы көшелердің бірінен түнгі уақытта Opel vectra автокөлігінің жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Аталған жайтты нақтылау үшін медициналық сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы бойынша жүргізуші мас күйде болған.

Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жинақталған іс-құжаттарды Бәйдібек аудандық сотына жолдады.

Бүгінде сот жүргізушіні кінәлі деп танып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру