Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Несиелерді жойып беремін”: Шымкентте кезекті алаяқтық жайты анықталды

Шымкент полицейлері кезекті алаяқтық жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қараша күні сағат 15:44-те Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бірнеше жылдан бергі танысы банктен алынған қаржы несиелерін арнайы техникалық жүйе арқылы жойып беремін деп 150 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 46 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру