Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер тұрғынның үйінен шолақ мылтық тапты

Елордалық полицейлер тұрғынның үйінен шолақ мылтық тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Сарыарқа ауданының ПБ қызметкерлері жеке үйді тінту кезінде шолақ мылтық тапты.

Елорданың 47 жастағы тұрғыны қару-жарақтың жеті жыл бұрын Ресей Федерациясына көшіп кеткен әкесіне тиесілі екенін түсіндірді. Алайда ер адам аңшылық қаруды сақтауға арналған құжаттарды көрсете алмады. Маманның анықтамасына сәйкес, тәркіленген қару тегіс ұңғылы, 16 мм калибрлі ТОЗ 63 аңшылық мылтығының оқпанының бір бөлігін қысқарту жолымен өз қолымен жасалған, атуға механикалық жарамды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру