ШҚО полицейі самбодан әлем чемпионатында жүлдеге ілікті
ШҚО полицейі самбодан әлем чемпионатында жүлдеге ілікті, – деп хабарлайды Polisia.kz
11-13 қарашада Қырғызстанның астанасында жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өткен. 52 елден 300-ден астам спортшылар «Әлем чемпионы» атағын жеңіп алу үшін күш сынасты. Үш күн бойы барлық континенттердің үздік күрескерлері жарқын жекпе-жек өткізген, оның ішінде ШҚО ПД қызметкері Айбек Сәметаев та бар.
Жарыстың соңғы күні 88 келі салмақ дәрежесінде Айбек Сәметаев жартылай финалда қола жүлдегер атанды.
Айбек 1986 жылы Семей облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қызмет атқарады. Қызмет еткен жылдары бірнеше рет Ішкі істер министрі және ШҚО ПД бастығының грамоталарымен және медальдарымен марапатталған.
Спортпен Айбек бала кезінен шұғылданады. Қазіргі уақытта ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері, оған өз күшімен және төгілген еңбектің арқасында жеткен.
Айбек Мұратұлы 2013 жылғы қоян-қолтық жекпе-жектен Азия жүлдегері, 2014 жылғы панкратионнан Еуразия чемпионы, 2017 жылғы жауынгерлік самбодан әлем кубогының қола жүлдегері, 2019 жылғы жауынгерлік самбодан Азия чемпионы, 2019 жылғы қоян-қолтық жекпе-жектен Азия чемпионы, 2019 жылы Германияда өткен жекпе-жектен әлем кубогының күміс жүлдегері, 2021 жылы Мәскеуде жекпе-жектен әлем кубогының иегері атанды. Самбодан спорт шебері, жауынгерлік самбодан ХДСШ, Жекпе-жектен СШ, қоян-қолтық ұрыстан ХДСШ, сонымен қатар ол қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы.