Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда супермаркетке ұрлыққа түскен тұрғын анықталды

Көкшетауда супермаркетке ұрлыққа түскен тұрғын анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz

17 қарашада Көкшетау қаласының Полиция басқармасына ЖШС директорының 10-13 қараша аралығында белгісіз адам супермаркеттен еркін қол жеткізу арқылы азық-түлік ұрлады деген өтініші келіп түсті.

Залал сомасы 150 мың теңгеден асты.

Полицейлер дүкеннің бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, күдіктінің жеке басын анықтады.

Супермаркетке жақын жерде тұратын облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны супермаркеттен бірнеше рет ұрлық жасаған. Қаскүнем сыртқы киімнің қалтасына сағыз, конфет, шоколад және басқа да ұсақ тауарларды жасырып, кейін дүкеннен шығып кетіп жүрген.

Аталған фактіге сәйкес Көкшетау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру