Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері студенттермен кездесті

Түркістан облысының полицейлері студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының жастары арасындағы есірткі мен нашақорлықты болдырмау жұмыстары аясында тәртіп сақшылары Түркістан қаласының Халықаралық спорт және туризм университетінде кездесу ұйымдастырды. Аталған іс-шараға оқу орнының 100-ге жуық екі және үшінші курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан ҚПБ полицейлерімен және санитарлық-эпидемиологиялық станция дәрігерлерімен бірлесіп студенттерге нашақорлықтың алдын алу тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жастарға есірткіні, оның ішінде синтетикалық есірткіні қолданудың зияны туралы түсіндірді. Сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы еске салды. Полиция қызметкерлері қатысушыларға нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түрлі бейнероликтерді көрсетті.

Жастар іс-шараны ұйымдастырушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Студенттер өзекті және танымдық кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді. Тәртіп сақшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және жаман әдеттерден бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру