Астанада бұрын сотты болған қалта ұрысы құрықталды
Астанада бұрын сотты болған қалта ұрысы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған, бас бостандығынан айыру орындарында 30 жыл жазасын өтеген 52 жастағы ер адам елордалық автобустарда ұрлық жасаумен айналысқан.
Ақмола облысының тұрғынынан автобуста 200 доллар және алтын сақина ұрланғаннан кейін ер адам жедел қызметкерлердің көзіне түскен. Көліктен шығу кезінде күдікті қарбаласқан сәтті пайдаланып, әйелге жақындап әмиянын білдіртпей сөмкесінен алып шыққан. Ер адам валютаны айырбастау пунктінде ауыстырғаны анықталды.
Сонымен қатар, ер адам қоғамдық көлік жолаушыларынан ұялы телефондарды да ұрлаған. Сол сияқты тәсілмен ол Iphone 7+ және Iphone 13 Pro екі телефонды ұрлаған. Қалта ұрысы кезекті автобус ұрлығы кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Таңертеңгі қарбалас уақытта ол автобус салонындағы жолаушылардың көптігін пайдаланып, кезекті жәбірленушінің сөмкесінін ашып, 20 мың теңгеден астам ақшасын ұрлаған. Бақылау жүргізген қарапайым киімдегі жедел қызметкерлер ұрының күдікті әрекеттерін байқап, оны ұстады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.