Ақмола полицейлері жолда өзін нашар сезінген жүргізушіге көмектесті
Ақмола полицейлері жолда өзін нашар сезінген жүргізушіні дер кезінде ауруханаға жеткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қарашада сағат 12:20 шамасында Астана – Петропавл автожолының 292-шақырымында қызмет көрсетілетін учаскені патрульдеу кезінде Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының «Тұлпар 10» экипажының қызметкерлеріне Volkswagen Golf автокөлігінің жолаушысы жүгінді.
Қобалжыған жас жігіт тәртіп сақшыларына әріптесінің ауырып қалғанын айтты. Жүргізуші құрысып, сөйлей алмай, тыныс алуы қиындаған. Полиция қызметкерлері Ринат Айтқожин мен Дәулет Құрманғалиев жағдайды бағалап, ер адамды қызметтік автокөлікке ауыстырып, Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізді.
Осы кезде күйеуін ауруханада күтіп отырған әйел полицейлерге алғысын айтып, оларға зор денсаулық пен қызметте табыс тіледі.
– Күйеуімді ауруханаға уақытында әкелген полиция қызметкерлеріне көп рақмет. Полицейлер болмаса, бұл сапардың қалай аяқталатынын білмеймін, — деп бөлісті Ксения.