Жетісайда ер адам құны 2 млн теңге болатын сымды жалға алып, сатып жіберген
Жетісайда ер адам құны 2 млн теңге болатын сымды жалға алып, сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, өзінің жалға берген 10 гектарлық егістік алқапқа арналған темір сымдарын танысы жалға алып, уәделенген уақытын создырып бермей жүрген. Содан алаяқтың құрбаны болғанын сезген жәбірленуші полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Жәбірленушіге келген шығын екі миллион теңгеден астам қаржыны құрайды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Жетісайлық полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға барлық күш жұмылдырылды. Нәтижесінде жұмыссыз, жергілікті тұрғын ер адам ұсталды.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам өзінің 10 гектар егістігін қоршаймын деп танысының 20 мың сымын алған. Алайда күдікті сымдарды өзінің арам ойын жүзеге асыру мақсатында алып, сатып жібергені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.