Тиктокерлер мен қостанайлық полицейлер меморандумға қол қойды
Тиктокерлер мен қостанайлық полицейлер меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол ережелерін түсіндіру және жол-көлік оқиғаларын болдырмау туралы бірлескен бейнелерроликтер жақын арада TikTok және Instagram сияқты танымал әлеуметтік желілерде орналастырылатын болады.
Кездесу бейресми жағдайда өтті. Онда Қостанай облысының бірнеше танымал блогерлері полицейлермен бірлесіп жұмыс істеу үшін бейне түсірудің өз нұсқаларын ұсынды.
Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Алексей Милюк жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Бұл, әсіресе, қыс мезгілінде болатын көптеген апаттарға байланысты.
Кездесу қорытындысы бірлескен меморандумға қол қою болды, оған сәйкес блогерлер полицейлердің белсенді қатысуымен жол қозғалысы ережелері мен ЖКО болдырмау шаралары туралы түсіндіретін бейнелер жазатын болады.
Аталған жобаны іске асыру қорытындысы бойынша ең белсенді блогерлер ҚР Ішкі істер министрімен марапатталады.