Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығы Алға ауданына жұмыс сапарымен барды

Ақтөбе облысы ПД бастығы Алға ауданына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсанда облыстық полиция басшысы Алға ауданының тұрғындарымен Мәдениет үйінде кездесті. Басында қатысушылар аудандағы жедел жағдаймен танысты. Есеп барысында құқықтық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алаяқтықтың, есірткі қылмысының, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу жай-күйі қозғалды.

Кездесу барысында Абай Жүсіпов ІІО жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде полицияның халықпен өзара іс-қимылын орнату және жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру туралы жұртшылыққа жеткізді. Кездесуге  тек алғалықтар ғана емес, онлайн режимде де алыс аудандардың тұрғындары, сондай-ақ белсенділер қатысты. Әрі қарай, азаматтарды өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізілді.

Осыған байланысты ПД бастығы аудандық полиция бөлімінің басшысына нақты тапсырмалар берді, сондай-ақ қауіпсіздікті нығайтуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер қойды.

Облыстың бас полицейі халықпен кездесу соңында Алға ауданының жеке құрамымен кездесіп, жедел кеңес өткізді. Аудандық бөлімшенің жеке құрамына Ішкі істер министрлігінің талаптарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру