Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ер адам өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен

Қостанай облысында ер адам өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 желтоқсан күні кешкі сағат 17:00 шамасында Қашар кентінде патрульдік полиция ротасы «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ шеңберінде құжаттарды тексеру мақсатында ресейлік есептегі күдікті автокөлікті тоқтатты.

Жүргізушінің өзімен бірге құжаттары болмаған. Одан әрі жол полицейлері мемлекеттік нөмірді база бойынша тексерді. Автокөлікке сенімхат басқа адамға жазылғаны белгілі болды.

– Кентті патрульдеу кезінде біз құжаттарды тексеру мақсатында көлікті тоқтаттық. Жүргізуші құжаттарды көрсете алмады. Нөмірлік белгіні базалар бойынша тексергеннен кейін біз көліктің нақты иесін анықтадық. Оған көлігін басқа адам басқарып отырғаны туралы хабарлағанда, ол оны гаражға қалдырғандықтан, көліктің жоғалғаны туралы білмейтінін де айтты, – дейді патрульшілер Нұрсұлтан Мұхамеджанов пен Ерлан Қозыбаев.

Кейін автокөлік жүргізушісі жұмыстарымен жүріп қайту үшін, басқа біреудің көлігін пайдаланғанын мойындады. Енді бұрын сотталмаған 41 жастағы ер адамға ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлімі бойынша айып тағылды. Ер адамнан ешқайда шықпау туралы қолхат алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру