Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында қаскүнем дүкеннен сақина ұрлап, ломбардқа тапсырып жіберген

Ақмола облысында қаскүнем дүкеннен сақина ұрлап, ломбардқа тапсырып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қарашада Бурабай полиция бөліміне Щучинск тұрғынынан ұрлық туралы өтініш түсті. Әйел 8 қарашада зергерлік дүкеннің үй-жайынан белгісіз адам 585 үлгідегі алтын сақинаны жасырын ұрлап кеткенін хабарлады. Залал сомасы 151 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол “ұры, қылмыскер-гастроллер”санаты бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған Солтүстік Қазақстан облысының 51 жастағы тұрғыны болып шықты.

Полицейлер ұры алтын бұйымдардың бірін өтініш берушіге тиесілі ломбардқа тапсырғанын білді. Сонымен қатар тергеу барысында қаланың басқа зергерлік салонында ер адамның сақинасы ұрланған осыған ұқсас эпизодқа қаскүнемнің қатыстылығы анықталды.

Дүкен қызметкерлерінің айғақтарына сәйкес, күдікті сатушылардың назарын көптеген сұрақтармен аударып әкетіп отырған, нәтижесінде соңғысы ұрымен сөйлесіп тұрып ұрлықты байқамаған.

Екі факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру