Қызылорда облысында есептегі сотталғандар мекенжайы бойынша тексерілді
Қызылорда облысында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында пробация есебіндегі азаматтар мекенжайынан тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика көлемінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту.
Осы акцияның өтуіне орай Қармақшы аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ-ның Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобынының инспекторы А.Касимова аудандық пробация қызметкерлерімен бірге есептегі сотталғандардың мекенжайларынан тексеріліп, тәртіп ережелерін бұзған сотталған азаматтарға тәртіптің шара көрілетіндігі ескертілді.
Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда шұғыл түрде «102» телефон нөміріне хабарласып, жазбаша арызбен де жүгіне алатындықтарын жеткізді.