Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мас күйде көлік басқарған 300-ден астам жүргізуші анықталды

Шымкентте отыз күнде мас халде көлік басқарған 300-ден астам жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті қызмет атқарады.

Қала аумағында отыз тәулік ішінде 321 жүргізуші мас халде көлік басқарғаны анықталды.

Жүргізушілерге қатысты сараптама тағайындалып, қорытындысына сай, олардың мас халде екендігі белгілі болды.

Полиция қызметкерлері аталған жайттарды ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеуге алды.

Жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін қалалық сотқа жолданды.

Осылайша спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізушілер сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру