Абай облысының тұрғыны әріптесінің 1 млн теңгеден астам қаражатын жымқырған
Абай облысының тұрғыны әріптесінің 1 млн теңгеден астам қаражатын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қараша айының ортасында Бородулиха ауданының 61 жастағы тұрғыны Семей қаласы ПБ Әуезов ПБ-ға жүгініп, 7 қараша күні облыс орталығындағы ЖШС-ның бірінің жатақханасындағы бөлмеден белгісіз адамның еркін қол жеткізу жолымен 1 125 000 теңге сомасында ақша қаражатын жасырын ұрлап кеткенін хабарлайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ұрлықты жәбірленушімен бірге жұмыс істейтін 26 жастағы ер адам жасағаны анықталды. Қаскүнем қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.