Алматы академиясында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
ІІМ Алматы академиясында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Алматы академиясының базасында министрдің орынбасары Ержан Сәденов мемлекеттік органдардың, байланыс операторларының және банк секторының басшыларымен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында киберқылмыстылық, оның ішінде ғаламторды пайдаланушыларға қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткені атап өтілді.
Сонымен қатар тұтынушылармен тікелей жұмыс істейтін банк қызметкерлерін тұтынушылардың алаяқтардың айтуымен операцияларды жүзеге асыру барысындағы алаяқтық белгілерін анықтау әдістемесіне үйрету мәселелері қамтылды.
Іс-шарада құқық қорғау органдарының банктік сектор және байланыс операторларымен өзара іс-қимыл, оның ішінде ақпаратпен жедел алмасу және интернет-алаяқтық фактілері бойынша уақтылы шаралар қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ішкі істер министрлігімен Алматы академиясының базасында осы салада мамандандырылған ғылыми зерттеулер жүргізуді ұсынылды. Зерттеу нәтижелері бойынша жедел және тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері іс-шара барысында ІІМ Алматы академиясында ашылған «Кибер-полигон» базасында киберқылмыстарды анықтау, тергеу және ашу бойынша оқытудан өтеді.
Талқылау қорытындысы бойынша ішкі істер министрлігімен қарастырылатын банктер мен байланыс операторларынан түскен қарарлар мен ұсыныстар дайындалды.