ҚАЖ қызметкерлері мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандарды тексерді
Шымкент қаласы және Түркістан облысы Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторлары мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталған азаматтарды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Сотталғанға тағайындалатын жаза түрінің бірі бас бостандығынан шектеу жазасы. Бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болғандарды әдетте тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ болуына байланысты жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз немесе бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекті тағайындайды.
Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Осындай жаза түріне сотты болғанның бірі жиырма екі жастағы Берік есімді азамат үстіміздегі жылы Түркістан облысы Түркістан қалалық сотының үкімімен ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған болатын. Сонымен қатар жаза өтеу кезінде 100 сағаттан аспайтын қоғамдық жұмыстарды да атқаратын болады.
– Сотталған азамат 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін Түркістан «Түркістан-Тазалық ЖШС-не» жіберілді. Қазіргі таңда күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде. Бұл еңбекті қоғамға пайдалы әрі тиімді ету үшін әкімшілік ғимаратының алдындағы зиянды қоқыс заттардан тазалау, абаттандыру, түзету және көктем мезгілінде жер аударып аулаға күл отырғызып, шарбақтарын сырлау сынды тағыда басқа еңбек етіп жазасын өтейді. Мәжбүрлі еңбегін аяқтаған соң Түркістан «Түркістан-Тазалық ЖШС-гі» мәжбүрлі еңбегінің аяқталғандығы туралы кесте түзіп, қалалық пробация қызметіне жазбаша түрде хабарлайды, – дейді Түркістан қалалық ПҚБ аға инспекторы Ақмарал Бекбай.
Пробация инспекторының сөзіне қарағанда бұл мәжбүрлі еңбек бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған азаматтар үшін тиімді. Себебі олар жұмыссыз үйде жатпайды, 4 сағат болса да еңбек етіп, жұмыс жасауға дағдыланады. Ал кейбір сотталған азаматтар тез арада жұмысқа орналасып кететін жайттар да кездеседі екен. Сотталған Берік есімді азамат 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа жіберілді.
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарға ешқандай ақы төленбейді. Керісінше өздеріне берілгене жаза мерзімі бойынша еңбектерін тегін өтейді. Сотталған азамат қоғамдық жұмысқа тарту жазасымен есепке алынғаннан кейін 10 күн ішінде жергілікті атқару органдарына жолданып, сол жерде өз жұмысын бастайды.
– Қазақта «Қолыңмен істеген істі, мойныңмен көтер» дейді ғой. Әрине, өзімнің жасаған қылмысымды мойындаймын. Қателікке бой алдырып, есірткі заттарын пайдаландым. Маған қоғамдық мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Он күннен бері осы жазаны өтеп жүрмін. Енді 80 сағаттық еңбегімді өтеймін. Жасаған қылмысыма өкінемін, оны алдағы уақытта қайталамаймын, – деді сотталған Берік.