Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТікТок арқылы алматылықтарды алдап соққан күдікті ұсталды

ТікТок арқылы алматылықтарды алдап соққан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет желісіндегі алаяқтық бойынша Қарағанды ​​облысының тумасы ұсталды. Ер адам шаһардың кемінде 12 тұрғынын алдады деген күдікке ілінген.

– ТікТок мобильді қосымшасын пайдалана отырып, күдікті жүргізуші куәлігін рәсімдеймін деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденгені анықталды. Оның үстіне “қызметінің ақысы” қолма-қол ақша түрінде де, электронды аудару арқылы да болды. Жедел іс-шаралар жүргізілді: күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның осыған ұқсас 12 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Тәртіп сақшылары алданғандардың көп болуы мүмкін екендігіне сенімді. Ұсталған адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды полиция қызметкерлері мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8-775-663-94-36; 8-705-630-30-00.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру