Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір аптада бейнекамералардың көмегімен 7 қылмыс ашылды

Шымкентте бір аптада бейнекамералардың көмегімен 7 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 мен 18 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына 7311 әртүрлі сипаттағы қоңырау шалынған. Оның 3255-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 7 қылмыс ашылған. Оның ішінде ұрлық қылмысының саны – 5, басқа да – 2.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1044 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Атап айтқанда, нөлдік төзімділік бойынша – 299, жол ережесін бұзған – 553, одан басқа да 192 жайт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру