Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны өзін пышақтаймын деп полиция қызметкерлерін қорқытқан

Павлодар тұрғыны өзін пышақтаймын деп полиция қызметкерлерін қорқытқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын Павлодар қаласында “102” операторының пультіне шамамен 300-500 шақыру келіп түседі.

– Мәселен, полицияға Павлодар қаласының тұрғыны үйде жұбайының жанжал шығарғаны туралы хабарлаған. Шақыруға дереу жаяу пост жіберілді. Ер азамат үстелден пышақ алып, өзін жаралаймын деп полиция қызметкерлерін қорқытты. Полицейлер қала тұрғынының назарын әңгімелесу барысында басқаға аударып, ер адамды ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша 46 жастағы ер адам мас күйде болған. Әрі қарай талқылау үшін ол Орталық полиция бөліміне жеткізілді, – деп атап өтті Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Патрульдік полиция батальоны қызмет өткеру барысында тәулік ішінде 140-қа жуық әкімшілік хаттама толтырады, олардың арасында тұрмыста құқық бұзушылық фактілері жиі кездеседі. Кейбір отбасыларда кішігірім отбасылық жанжалдар болады, кейде жанжалдар қол сұғушылыққа айналады. Тек соңғы тәулікте тұрмыстық жанжалдардың 27 фактісі тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру