Павлодар тұрғыны телефонын тауып берген полицейлерге алғыс айтты
Павлодар тұрғыны телефонын тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына күн сайын өңір полицейлеріне алғыс хаттар келіп түседі.
Келесі алғыс хат Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі Әлібек Тоқтаров, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Алмаз Аленов, сондай-ақ жедел криминалистикалық топтың криминалисі Линар Әлібековтың атына келіп түсті.
6 желтоқсанда қала тұрғыны iPhone 11 телефонын жоғалтып, оны өзі іздеген, бірақ телефон өшірулі болғандықтан, телефонның жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған.
– Полиция қызметкерлері дереу менің телефонымды іздеуге кірісті. Нәтиже көп күттірмеді, полиция қызметкерлері телефонды тауып, маған қайтарды, – деп жазды қала тұрғыны.
Өтініш беруші танысының көлігімен белгіленген жерге жетіп, кейін телефонның жоғалғанын анықтады. Ол полициядан көмек сұрауға шешім қабылдады, полицейлер көлік иесіне хабарласып, көліктің салонын қарады.
Белгілі болғандай, телефон көлік орындықтарының арасына түсіп кеткен. Полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында телефон табылды.
– Жақсы және жедел жұмыс үшін полицейлерге рақмет айтамын. Сіздерге зор денсаулық және қызметте сәттілік тілеймін, – деп жазады қала тұрғыны.