Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскердің мекенжайын анықтады

Ақмола полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскердің мекенжайын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 12-15 желтоқсан аралығында өңір аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Ақмола облысы ПД криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері ЖААІШ барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскердің жүрген жерін анықтады.

Мәселен, Щучинск қаласының аумағында 188-бабының 3-бөлігі бойынша
Семей қаласы ПБ іздестіріп жатқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталды. Ұсталған адамға қатысты ешқайда бармау және тиісті мінез-құлық түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ақмола полицейлері ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі бойынша Қостанай облысы ПД Бейімбет Майлин ауданы ПБ іздеудегі тағы бір қылмыскерді, РФ Қорған қаласының тумасын Көкшетау қаласының аумағында анықтады. Ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.

Осы уақытта тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген Астана қаласының тумасын іздеді.

Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтегеннен кейін «Педофил» санаты бойынша полиция бөлімінде есепте тұрған облыс тұрғынын ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру