Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни ақпаратты сақтаған

Павлодар облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни ақпаратты сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көлік инфрақұрылымы қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында діни мазмұндағы фото, видео материалдарды анықтау және олардың таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын интернет ресурстарына мониторинг жүргізеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде 453-бабы (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мәселен, Павлодар облысы теміржол ұйымы қызметкерінің В Контакте әлеуметтік желісін мониторингілеу кезінде сараптамаға сәйкес, ҚР-да тыйым салынған діни мазмұндағы ақпарат табылды. Осы факт бойынша т/ж қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

– Қазақстан Республикасының азаматтары әлеуметтік желілердегі діни мазмұндағы ақпаратты зерделеу кезінде қырағы болу қажет. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елімізде тәулік бойы 22-88 сенім телефонының тегін қызметі жұмыс істейді, онда сізге ресми сайттар айтылып, көмек көрсетіп, сұрақтарыңызға сауатты жауап береді, – деді Көліктегі ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру