Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Алматы облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №14 мекеменің қызметкерлері өткізілген іс-шара барысында тыйым салынған заттардың аумаққа кіру фактісінің алдын алды.

Мекеменің аумағына қара түсті бір дана пакет лақтырмақ болған ер азамат ұсталды. Пакет ішінен 3 дана скотчпен оралған түйіншектер алынған. Түйіншектер ішінен төрт телефон, екі қуаттандыру жүйесі, бір құлақкап тәркіленді.

– Аталған факт бойынша Қонаев қаласының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды. Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу іс-амалдары басталды, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру