Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесін еске алды

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесінің құрметіне футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №10 мекеменің ұйымдастыруымен Алматы облысы Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қолдауымен, Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан №71 мекемесінің қызметкері Ербол Ержановты еске алуға футболдан турнир өткізілді.

Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды. Турнирге ведомстволық бағынысты мекемелер, сондай-ақ Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаменті және Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің командалары қатысты.

Іс-шараның қадірлі қонақтары қатарында қаза болған қызметкердің әкесі Тілеубек Іңкербаев, ұлы Ернұр Тілеубек, Іле аудандық маслихат депутаты Нұрлан Түймелиев, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Жәнібек Қабдікәрімов және ҚАЖ департаментінің басшылығы болды.

– Ерлікпен қаза тапқан Ербол Ержановтың есімі біздің жадымызда мәңгі қалады. Мұндай іс-шаралар көбінесе батырларды еске алуға арналады, сонымен қатар салауатты өмір салтын ынталандыру және ҚАЖ қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Турнирде бірінші орынды №10 мекеме, екінші орынды Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаменті және үшінші орынды №71 мекеме командалары иеленді. Жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар, медальдар және сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру