Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында бұрын сотталған ер адам колонияға 12 телефон өткізбек болды

ЛА-155/14 мекемесінде бұрын сотталған ер адам колонияға 12 телефон өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Заречный кентінде ЛА-155/14 колониясына тыйым салынған заттарды өткізбек болған азаматты ұстады.

Бұрын сотты болған ер адамнан ішінде 12 телефон бар скотчпен оралған төрт бума табылып, тәркіленді.

Оқиға орнына Қонаев қалалық ІІБ-ның тергеу-жедел тобы жұмылдырылды. Бұған дейін ер адам сол мекемеде жазасын өтеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру