Қостанай облысының бас полицейі жыл басынан бері 238 азаматты қабылдады
Қостанай облысының бас полицейі жыл басынан бері 238 азаматты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков азаматтарды қабылдады. Онда 5 мәселе қаралды. Қабылдау бейнеконференция режимінде және оффлайн форматта ұйымдастырылды. Әрбір азаматқа өтініштің мәні бойынша толық жауаптар берілді.
Мәселелерді тиімді шешу үшін қабылдауға құзыреті бар қызмет басшылары қатысты.
– Алаяқтық мәселесі әлі де өзекті. Өткен айда біз мұндай қылмыстардың көбеюін байқадық. Дегенмен бұған дейін біз бұл фактілердің санын азайта алдық. Мұнда азаматтардың профилактикасы мен қырағылығы маңызды, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.
Қылмыс мәселелерін шешуде, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықпен тығыз байланыс орнату маңызды. Осыған байланысты департаменттің жеке құрамы өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың сенім деңгейін арттыру және азаматтардың сұраныстарына жедел ден қою жөніндегі міндеттерді орындауға бағдарланған.
Ерлан Омарбеков өңірде жыл басынан бері ауыр және аса ауыр қылмыстардың, бөтеннің мүлкін ұрлаудың, сондай-ақ көшелер мен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны азайғанын атап өтті. Қоғамның проблемалық мәселелерін жылдам әрі сапалы шешу – азаматтарды қабылдаудың басты мақсаты.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысы ПД бастығы өңірдің 238 тұрғынын қабылдады.