Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 436 азамат қаруды сақтау шарттарын бұзған

Павлодар облысында 436 азамат қаруды сақтау шарттарын бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері құқықтық тәртіп сақшылары 10781 азаматтық қару иесін тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша 693 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Азаматтық қару иелерінің сақтау шарттарын, тіркеуін және қайта тіркеуін тексереді. Азаматтық қару иелері жіберген негізгі бұзушылықтардың бірі – қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін бұзу .

436 азамат қаруды сақтау шарттарын сақтамады, ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде қаруды заңсыз сақтау фактілері анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша 107 адам жазаланды.

Айта кету керек, кезекті республикалық акцияда халықтың атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өтеулі ерікті түрде тапсыруы бойынша тұрғындар 77 бірлік тіркелмеген қаруды тапсырды. Әрбір қару тексеріліп, сараптамадан өтті. Бұдан басқа полицейлер халыққа мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Әкімшілік полиция басқармасының лицензиялық-рұқсат беру бөлімімен 2700-ге жуық қызмет көрсетілді. Оның ішінде электрондық форматта 2693, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 98 қызмет көрсетілген екен.

– Азаматтық қару иелеріне кезекті тексеру жүргізу кезінде облыс орталығының тұрғыны азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзғаны анықталды. 52 жастағы қару иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 46 жастағы павлодарлықтың азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзу фактісі расталды. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру