Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші едәуір азайған

Елордада жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші едәуір азайған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Күш-жігер балалардың құқықтарын қорғауға бағытталуы тиіс.

– Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу және ескерту, ата-аналардың, заңды өкілдердің, сондай-ақ өзге де ересек адамдардың кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында елорданың Сарыарқа ауданының полицейлері бірқатар ұйымдастырушылық алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатыр, – дейді Сарыарқа ауданының Полиция басқармасының бастығы Дулат Жұмағұлов.

Мәселен, осы жылдың 11 айында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 22%-ға азайды. Жасөспірімдердің қатысуымен барлығы 32 қылмыс тіркелді, оның ішінде 13 ұрлық, 2 алаяқтық, 1 бұзақылық, 5 тонау және басқа да бұзушылықтар. Аудан аумағында 32 мемлекеттік мектеп, 5 жекеменшік мектеп, 16 колледж, оның ішінде 5 мемлекеттік және 11 жекеменшік колледж бар. Талдау көрсеткендей, барлық мектептер ПД Жедел басқару орталығына біріктірілген бейнекамералармен жабдықталған.

Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторлары оқу орындарында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар үшін балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша дәріс-түсіндіру іс-шараларын жүргізеді.

Ағымдағы кезеңде барлығы 6 мыңға жуық дәріс және 82 ата-аналар жиналысы өткізілді. Әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін барлығы 2 мыңға жуық адам жауапқа тартылды, оның ішінде 327 кәмелетке толмаған, 1536 заңды өкіл және 52 өзге ересек адам. 78 кәмелетке толмаған және 64 қолайсыз отбасы анықталып, ІІО-ның есебіне қойылды.

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға 11 материал қарауға жіберілді. Елорданың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандарды Мамандандырылған білім беру ұйымына жіберу туралы 4 талап арызды қанағаттандырды, 2 кәмелетке толмаған Мамандандырылған білім беру ұйымдарына жіберілді.

Есірткілік масаю күйінде жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың есірткіні пайдалану фактілерін азайту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сарыарқа ауданының аумағында орналасқан оқу орындарында ақпараттық стендтерде есірткі сатуға, интернет-дүкендерді әкімшілендіруге, есірткі сатуға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы буклеттер орналастырылды.

Жыл басынан бері барлығы 239 дәріс өткізіліп, оған 6 мыңнан астам кәмелетке толмаған қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру