Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығы ювеналды полицияның жұмысын тексерді

Қызылорда облысы ПД бастығы ювеналды полицияның жұмысын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауларының бірінде балалар мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі екендігін, өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдай жасалуы керекгін жеткізді. 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялады. Бұл ретте ювеналды полиция инспекторларына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мұндай жауапты қызмет ерекше көзқарасты талап етеді. Осы орайда Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев ювеналды полиция инспекторларының жұмысын қарады. Әрбір ювеналды полиция инспекторының қызметі, жұмыс нәтижесі жіті қаралды.

Жыл басынан ювеналды полиция инспекторларымен нәтижелі жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 41%-ға (54-тен 32-ге), кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 31%-ға (67-ден 46-ға) төмендеді. Бұдан бөлек, ювеналды полиция бөліністерінің учаскелік полиция инспекторларымен 191 қылмыс ашылып, 6 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Тұрақты түрде “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі”, “Бала және отбасы”, “Демалыс”, “Мен және менің полицейім”, “Абайлаңыз, балалар”, “Түнгі қаладағы балалар” сынды жедел-профилактикалық шаралары жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда облысымыз бойынша кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауды 106 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары қадағалайды. Олар күнделікті өздеріне тиесілі әкімшілік аймақтарын, сол аймақтарда орналасқан білім беру ұйымдарының жол өткелдерінде, әсіресе оқушылардың сабаққа келу және қайту уақыттарында қызмет атқарады. Департамент бастығы сапалы да нәтижелі жұмыс атқарған қызметкерлерді атап өтіп, кей полицейлерді сынға алды.

Жиынды қорытындылаған облыстың бас полицейі кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылыққа қарсы әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуды күшейтуді, тұрмысы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс жүргізуді тапсырып, бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру