Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер тас жолда қарлы боранда қалған үш адамды құтқарды

Учаскелік полиция инспекторы Жамбыл облысындағы тас жолда қарлы боранда қалған үш азаматты құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талас ауданындағы жергілікті маңызы бар тас жолда аймақтың үш тұрғыны, оның ішінде кәмелетке толмаған бала қарлы боранда қалып қойды.

Түнде аумақты аралау барысында Талас ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұрсұлтан Қанатбекұлы жол жиегінде қалың қар құрсауында қалған көлікті байқайды. Полиция қызметкері кептеліп қалған көлікке жетіп, жүргізушіге қардан тазартуға көмектеседі. Содан кейін Нұрсұлтан олардың бәрін өз үйіне апарды. Ары қарай қызмет жасауға кеткен полиция қызметкері боранда адасып кеткен шопанды да табады.

Қыстың қарлы күнінен зардап шеккендердің барлығы полиция инспекторының үйінде қонақ болған, оларға арнайы ыстық тамақ пен жатын орын қамтамасыз етілді. Құтқарылған азаматтар полиция қызметкеріне шын жүректен алғыстарын білдірді.

Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына және айналаның көрінуінің нашарлануына байланысты «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолдарда 160-тан 239 шақырымға дейін, сондай-ақ «Тараз-Шымкент» учаскесінде 534-тен 593 шақырымға дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру