Екібастұз полицейлері 4 мас жүргізушіні ұстады
Екібастұз полицейлері 4 мас жүргізушіні ұстады , – деп хабарлайды Polisia.kz.
Барлық демалыс және мереке күндері Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полициясының нарядтары күшейтілген режимде қызмет атқарды. Полицейлердің басты міндеттерінің бірі – алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлікті басқару фактілерінің жолын кесу.
– Жаңа жылдың 4 күнінде мамандандырылған айып тұрағына 17 көлік қойылды, оның ішінде 4 жүргізуші алкогольдік мас күйінде автокөлік құралдарын басқарды, 7 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырыла отыра басқарған, біреуі мемлекеттік нөмірсіз автокөлік жүргізген. Екібастұз қаласының УБжДО-на (медициналық айықтырғыш) 63 адам жеткізілді, – деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Фаруз Күсембеков.
Мәселен, 3 қаңтар күні сағат 03.05 шамасында Екібастұз қаласының Мұхтар Әуезов көшесін патрульдеу барысында алкогольдік мас күйінде болған 57 жастағы жүргізушінің басқаруымен Toyota Mark 2 көлігі тоқтатылды.
Сондай-ақ сол күні сағат 02.15 шамасында Энергетиктер көшесінің бойында 21 жастағы Lada 21150 автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде басқарған фактісі анықталды. Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, ол орташа дәрежеде мас күйде болған.
Көлік құралдары айыппұл тұрағына қойылды. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жіберілді.