Шымкент тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің алтын сырғасын ұрлап кеткен
Шымкент тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің алтын сырғасын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында өзінің азаматтық некедегі күйеуі пәтеріне келіп, құны 120 мың теңге тұратын алтын сырғасын еркін қол жеткізу арқылы жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарды алған бойда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Жан-жақты тексеру жүргізіп, нәтижесінде азаматты тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 30-да. Жұмыссыз.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат алтын сырғаны қала аумағындағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген. Одан түскен қаржыны бас пайдасы үшін жаратып жібергені де анықталды.
Қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.