БҚО полицейлері мас ауыл тұрғынын түні бойы іздеген
БҚО полицейлері мас ауыл тұрғынын түні бойы іздеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Бәйтерек ауданы, Шалғай ауылдық округінің Таловая ауылында болған. 2023 жылғы 7 қаңтарда кешке 37 жастағы тұрғын қойларын іздеуге кетіп, үйіне оралмады. Туыстары уайымдаған соң полицияның көмегіне жүгінді, жоғалған ауыл тұрғынын іздеу үшін барлық жеке құрам көтерілді, полицейлер өздерінің негізгі жұмыстарынан бас тартып, іздестіру шараларын жүргізді.
Барлығы ер адамның далада адасып, қатып қалуы мүмкін деп алаңдап, іздеу топтары барлық аумаққа тарағанымен нәтиже болмады. Таңертең ғана ер адам ауылдың екінші шетіндегі үйлердің бірінде табылды, онда ол түні бойы ауылдастарымен бірге ішімдік ішкен.
Өкінішке орай, заңда мұндай немқұрайлы азаматтарға ықпал ету шаралары қарастырылмаған, соның салдарынан полиция қызметкерлері, ТЖД және аудан әкімдігінің қызметкерлері түні бойы аязда елді мекеннің айналасында іздестіру шараларын жүргізді.