Жер аламын деген Шымкент тұрғыны ақшасынан айырылды
Жер аламын деген Шымкент тұрғыны ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 желтоқсанда сағат 15:55-те Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында, үш айдан бергі танысы Шымкент қаласының әкімдігінен жер алып беремін деп 750 мың теңгесін иемденіп алғанын жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары тағайындалды.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдіктіні қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 61 жастағы тұрғыны болып шықты.
Күдікті жоғары білімді, алайда жұмыссыз азамат екендігі анықталды. Бұрын-соңды істі болмаған. Тергеу барысында ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын айтып, өз ісіне өкінетіндігін жеткізді. Қазіргі уақытта иеленген қаражатты өз қажеттілігіне жаратып жібергені мәлім болды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.