Өткен жылы Шымкент полициясына интернет-алаяқтыққа қатысты 1161 арыз түскен
Өткен жылы Шымкент полициясына интернет-алаяқтыққа қатысты 1161 арыз түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда кең тараған қылмыс түрі – интернет-алаяқтық. Айлакерлер қарапайым адамдардан ақша өндірудің түрлі тәсілдерін қолданады. Тіпті, қажет болса қорқытып, үркітуден де тайынбайды.
Өткен жылы Шымкентте интенет-алаяқтыққа қатысты 1161 арыз тіркеліп, 434-і ашылған. Қазіргі таңда аталған жайттарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Десек те, интернет-алаяқтық қылмысы ашылуы қиын істердің қатарына жатады. Себебі көп жағдайда алаяқтар біздің елімізде емес, шетелде отырып арам ойларын іске асырады.
Сондықтан полицейлер азаматтардан сақтық шараларын барынша күшейтіп, бейтаныс адамдарға сенім білдірмеуге шақырады. Өзіңізге және жақындарыңызға қатысты жеке мәліметтерді құпия ұстауды ескертеді.