Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандардың жұмыс орнындағы қауіпсіздігі тексерілді

Ақтөбеде сотталғандардың жұмыс орнындағы қауіпсіздігі тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандардың еңбек заңнамасын сақтау және жұмыс орнындағы қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселелері Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №9 қоныс колониясының базасында жеке кәсіпкерлермен өткен жұмыс кеңесінде талқыланды.

Кеңесті ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Нұрбек Кабдікәрімов жеке кәсіпкерлер өкілдеріне өндіріс орындарындағы қауіпсіздікті сақтау және өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін ерекше бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

Жұмыс кеңесінде сонымен қатар жұмыс беруші жеке кәсіпкерлер тарапынан жазасын өтеуші сотталғандардың уақытылы еңбекақысын төлеу және еңбек демалысына шығу сұрақтары да қаралды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру